386,83 431,60 5.87
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұра өзені серозды менингит вирусына тексеріліп жатыр

  • 98
  • UPD: 22:19, 07.08.2019

Нұра өзені серозды менингит жұқпасына қатысты тексеріліп жатыр. Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті департаментінің мамандары судан 64 сынама алған.

Дәрігерлердің тексеріс жүргізуіне осы өзенге шомылған бір азаматтың дертке шалдығуы себеп болған. Мамандардың айтуынша, серозды менингит иммунитеті төмендеген адамдарда кездеседі. Жаз басталғалы жұқпалы аурулар ауруханасына осы дертке шалдыққан 41 адам түскен. 

Гүлмира Бекзатова, облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының директоры: 

- Қазір, маусымға сай аурудың кең таралатын  кезі. Бірақ сырқатқа шалдығу деңгейі тұрақты. Шынымен де серозды менингиттің  су қоймалары арқылы жұғу қаупі бар. Әдетте, ол тұрып қалған суларда шомылғанда  жұғады. Бірақ өзен суымен таралу өте сирек кездесетін жәйт.

Хабар 24 телеарнасы