387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алтай Көлгінов: Алдағы 5 жылда елордада 37 мектеп салу қажет

  • 182
Алтай Көлгінов: Алдағы 5 жылда елордада 37 мектеп салу қажет ustinka.kz

Қала әкімі астанадағы мектеп тапшылығы мәселесін қозғады, деп хабарлайды Елорда Инфо.

«Қазір елордада 108 мектеп бар. Оның 87-сі – мемлекеттік мектеп, төртеуі – республикалық, қалғаны – жекеменшік мектептер. Бүгінгі уақытта 1 қыркүйекте 24 мың бала мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде. Салыстырып қарасақ, өткен жылы 18 мың бала 1 сыныпқа барған болатын. Көріп отырғанымыздай, оқушылар саны артып келеді. Сондықтан қазіргі уақытта 17 мың орынның жетіспей жатқаны байқалады. Сол себепті де 1 қыркүйекте 8 мектеп 3 ауысымда жұмыс істейді деп жоспарлануда. Жалпы, елорданы дамытудың кешенді жоспары бойынша 5 жыл ішінде тағы 37 мектеп салынуы тиіс. Бірақ бұл тұрғыда республикалық бюджетке ғана иек артпауымыз керек. Жақында өткен инвестициялық кеңесте 11 жекеменшік мектеп қолдау тапты. Бұл жеке инвестицияның есебіне салынады деген сөз. Біз қалай болғанда да бұл мәселені шешуіміз керек. Биылғы 1 қыркүйекке 8 мектеп, оның ішінде 5 қосалқы және 3 жаңа мектеп салынып жатыр. Бұл өз кезегінде мектептердегі 5 мың жаңа орынды қамтиды», – деді А.Көлгінов Үкімет үйінде журналистердің сұрағына жауап беруі кезінде.

Сондай-ақ шаһар басшысы мектепке баласын бере алмай отырған ата-аналар не істеуі керектігіне қатысты пікір білдірді.

«Сол үшін де мектептер салынып жатыр. Яғни 8 мектеп. 17 мың орынның тапшы болып отырғаны – нақты дерек. Бірақ бұл бір күнде шешілетін мәселе емес. Жоспарға сәйкес әрекет жасайтын боламыз. Бұл адамға да байланысты емес, бұл – елорда халқының көбейіп жатқанын көрсететін жағдай. Миграциялық, демографиялық көрсеткіш жоғары. 5 жыл бұрын мұндағы тұрғындар саны қанша еді? Қазір 1,1 млн адамға жетті. Тұрғындар саны өте жылдам өсіп жатыр», – деді ол.

Хабар 24 телеарнасы