387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордадағы форумда блогерлер бірқатар мәселені пысықтады

  • 162
  • UPD: 15:52, 24.08.2019

Шетелдік және қазақстандық тревел-блогерлер Нұр-Сұлтан қаласында бас қосты. Елордада «Қазақстанды таны» халықаралық форумы өтіп, интернет белсенділері туризмді дамыту, брендинг, блогинг секілді мәселелерді пысықтады.

Белгілі вайнерлер мен ютуберлердің ішінде әлемнің ең беделді блогерлердің үштігіне кіретін Мурад Осман, сондай-ақ Қазақстаннан Біржан Әшім, Серік Шәріп, Бейбіт Әлібеков, Әлішер Елікбаев сынды танымал азаматтар бар. Олар жаңа медианың мүмкіндіктері мен ғаламторға арналған сапалы контент құру секілді тақырыптарды қаузады. Айтып кету керек, бұған дейін алыс-жақын шет елдерден келген 38 тревел-блогер еліміздің көрікті жерлерін аралап, саяхаттары туралы әлеуметтік желілерде жариялаған.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Сарыарқаның самалы жанға жылу беретін, Жетісудің таулары асқақ рух сыйлайтын, шығысы шырайлы, батысы айбынды, солтүстігі көрікті, оңтүстігі өрікті елге табаны тиген әр адам қанаттанып тұрады. Құс болып ұшқысы келеді. Жүйрік атқа мініп, шапқысы келеді. Ондай әсерге сіздер де бөлендіңіздер деп ойлаймын.

Хабар 24 телеарнасы