387,34 428,00 6.02
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорданың сол жағалауын су басты

  • 153
  • UPD: 19:06, 05.09.2019
Елорданың сол жағалауын су басты

Елордада бүгін түс ауа жауын селдетіп, көшенің кей бөлігін тобықтан асар су басты.

Көлікпен жүру қиындап, қала ішінде ұзын-сонар кептеліс болды. Абырой болғанда, бұл жолы коммуналдық қызмет жедел қимылдап, жолды судан тазартып үлгерді. Қала әкімі Алтай Көлгінов бұған дейін көшелердің су басу мәселесін шешуді сөз еткен болатын. Бас қаладағы 32 су ағар учаскеге жөндеу қажет. Қазір 15 көшеге жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр. Жалпы қала бойынша жаңбыр жауса, су басатын үш проблемалы аумақ бар. Бұл Бауыржан Момышұлы көшесі, Тұран даңғылы және «Жастар» шағын ауданы.

Хабар 24 телеарнасы