386,67 424,50 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бас қосты

  • 112
  • UPD: 17:57, 12.09.2019
Нұр-Сұлтанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері бас қосты ҚР СІМ

Әлемдегі жетекші ғалымдардың қатысуымен инфекциялық аурулардың алдын алу шаралары бойынша конгресс өтіп жатыр.

Конгресте вирустық және паразиттік аурулар бойынша эпидемиологиялық жағдай мәселелері мен вакцинациялау мен иммундық профилактиканың маңыздылығы талқылануда. 

ҚР денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыров конгрестің ашылуында елімізде 90-нан аса инфекциялық ауруларға эпидемиологиялық қадағалау жасаудың жоғары жүйесі енгізілгенін, ал зертханаларда диагностикалық құрал-жабдықтар паркі үнемі жаңартылып тұратынын айтты.

Ал Ресейдің бас эпидемиологы Николай Брико өз сөзінде денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың құралы ретінде өмірлік вакцинопрофилактиканы қолдану тәжірибесімен бөлісті.

«Вакцинопрофилактика тек аурулардың алдын алу, сырқаттанушылықты және мүгедектік пен өлім-жітімді төмендету ғана емес, сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту және белсенді ұзақ өмірді қамтамасыз ету болып табылады. Иммундау науқастарды емдеу санын төмендету және еңбек өндірісін жоғарылату есебінен денсаулық сақтауға кететін шығыстарды азайтуға ықпалын тигізеді», – деді Николай Брико.

Конгреске Орталық Азиядағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының ғылыми қызметкерлері, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, Ресей, Молдова, Қырғызстан, Франция, Италия, Израильден келген жетекші ғалымдар қатысуда. Конгресс 13 қыркүйекке дейін жалғасады.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы