389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде ауыр көліктердің жүкті шектен тыс артық тиеп жүруі жиілеген

  • 200
  • UPD: 12:02, 17.09.2019
Елімізде ауыр көліктердің жүкті шектен тыс артық тиеп жүруі жиілеген

Жыл басынан бері елміздегі көліктік бақылау бекеттерінде үш жарым мыңға жуық ауыр салмақты жүк көлігі тексерілген.

Бұл туралы Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство ұсынған статистикаға сәйкес, тексеріс кезінде салмақты рұқсат етілген шектен асырғандары үшін 1106 көлік тоқтатылып, жеке және заңды тұлғаларға қатысты 1797 әкімшілік іс қозғалған. Жалпы қаланың ішінде жүк көліктерінің қозғалысына шектеу қойылғаны белгілі. Елорданың кей көшелерінде мұндай темір тұлпарлардың қозғалысына тыйым салынса, кей көшелерде олар тек кешкі уақытта ғана жүре алады. Бірақ байқағанымыздай, күндіз де қалада жүк көліктерінің қарасы көп. Бұны мына Қошқарбаев көшесінен де көруге болады. Ескертулер мен айыппұлдарға қарамастан, жүргізушілер қала көшелерімен қозғалады. Бұған себеп «шаһардағы құрылыс нысандарының сол жағалауда орналасуы және айналма жолдың жоқтығы» дейді олар.

Болат Ыбырайым, жүргізуші:

- Осы жолмен жүремін. Құрылыс нысандары сол жағалауда. Керей Жәнібек және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында. Басқа жол жоқ. Осымен жүріп жатырмын. Құрылыс материалдарын тасимын.

Хабар 24 телеарнасы