389,86 435,60 6.11
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордалық соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

  • 185
  • UPD: 14:56, 01.10.2019
Елордалық соғыс ардагеріне құрмет көрсетілді

Елімізде қазір 2 миллионнан аса зейнет жасындағы адам бар.

Олардың арасында елге ерен еңбек етіп, артынан өшпес із қалдырғандары таңертеңнен бері құттықтау қабылдап жатыр. Мәселен, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бүгін жүз жастағы соғыс ардагерінің шаңырағына барып, ерекше құрмет көрсетті. Елорда тұрғыны Александр Торкин соғыс жылдарында Берлинге дейін фашистерді шегіндірген. Майданнан кейін де ел қатарлы қызмет етіп, екі ғасырдың – екі дәуірдің куәгері болып, 100 жасқа келіп отыр. Ведомоство басшысы осындай азаматтарды үнемі қадірлеп, қолдан келгенше қолдау көрсету керектігін алға тартты.

Біржан Нұрымбетов, ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі:

– Аға буын, үлкендеріміздің еңбек етіп, мемлекетімізді құруы, экономикамызды дамытуға қосқан үлестерін ұмытпауымыз керек. Олар – жастар үшін үлгі. Өсіп келе жатқан жас буынға патриотизмнің үлгісіндей ортамызда ұзақ жүре берсін дейміз.

Хабар 24 телеарнасы