418,35 495,02 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда ЭКҰ әдісімен дүниеге келген қыз ана атанды

  • 3000
  • UPD: 10:05, 17.10.2019
Қазақстанда ЭКҰ әдісімен дүниеге келген қыз ана атанды Какпросто

Осыдан 24 жыл бұрын экстракорпоральді ұрықтандыру арқылы дүниеге келген қыз 15 қазан күні табиғи жолмен дүниеге сәби әкелді.

«Мен 1996 жылы ана болу мүмкіндігінен айырылған науқасқа ұзақ уақыт бойы экстракорпоральді ұрықтандыру бағдарламасын жүргіздім. Алғаш рет сәтсіз орындалды, одан соң бір айдан кейін екінші рет жасап көрдік. Нәтижесінде жүктілікке қол жеткізді. Енді қазір сол туған қыздың өзі табиғи жолмен ана атанғанына қуаныштымыз», – деді жоғары санатты репродуктолог-дәрігер, репродуктивті медицина институтының медициналық директорының орынбасары Людмила Баделбаева.

Қазіргі таңда әлем бойынша ЭКҰ арқылы 6,5 миллион бала өмірге келген.

Айта кетсек, алғаш рет Қазақстанда экстракорпоральді ұрықтандырудың көмегімен 1996 жылы Алматы қаласында қыз бала дүниеге келді.

Ал әлем бойынша алғаш рет бұл тәсілмен 1978 жылы АҚШ-та Луиза Браун атты қыз бала дүниеге келген.

Дайындаған: Д.Доспан

Хабар 24 телеарнасы