388,62 430,50 6.06
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Күйеуден қорлық көрген әйел арызын неліктен қайтып алады?

  • 172
  • UPD: 20:57, 18.10.2019

Күйеуінен зәбір көрген келіншектердің 90 проценті полицияға жазған арыздарын кері қайтарып алады екен.

Кейін ошағына қайтып оралатындары да көп. Психологтар мұның негізгі үш себебі бар дейді. Оларға әріптесім  Жасын Біркенов ретімен тоқталсын.

Жасын Біркенов, тілші:

- Әуелі жәбір көрген әйелдер туралы ресми санды сөйлетейін. Былтыр 919 отбасылық-тұрмыстық қылмыс тіркелсе, биылдың соңғы тоғыз айының өзінде 719 заңбұзушылық анықталып отыр. Статистика сұмдық болса да, бұл мұндай зорлық-зомбылықтың көбейгенін білдірмейді. Қайта қаһарға мінетін күйеуінен соққы жеген келіншектердің бұл туралы тіс жарып, ашық айтып жатқандарын аңғартады. Дегенмен, дені қанша жерден қасірет көрсе де, әлі күнге дейін бір бұрышқа бүркеніп, доп-домалақ болып тығыла тықсырылып, мүсәпірсіп жатып алады. Мұны психологтар былай түсіндіреді. 

Серікгүл Сали, психолог:

- Қай кезде адам тиранға айналады? Құрбан болған кезде. Әйел құрбанның роліне түсіп тұр. Сол рольден ол шыға алмайды. Яғни ол құрбан болмаса, өмірінің мәні болмайды. Сол өмірінің мәнін ол құрбандық жолына салған. 

Жасын Біркенов, тілші:

-Зорлық-зомбылық көрген әйелдер бұл сырын ішке бүгіп жатып алатын енді бір себебі мынада. «Тиранның соққысына төзу бұл менің мықтылығымды білдіреді» деген алдамшы пікірмен жүреді олар. Иә, психолог былай дегенде, мен де естен танатын жаңалық естігендей болдым. Сонда әйелден де кінәрат бар ма дерсіз? Осылайша біреудің жанына батыра сөйлеп, көңілін әбден суытуымыз мүмкін. Бірақ бұл туралы өз мақаласында психоанализдің негізін қалаған Зигмунд Фрейдтің өзі жазған еді. 

Серікгүл Сали, психолог:

- Сондықтан ол осылай таяқ жесе,  қатты жәбірленсе, ол өзінің дозасын алады. Өмірден ләззат алу сияқты. Бұның осындай үшінші жағы бар. Сондықтан бұны «тройной капкан» деп атайды психологияда. Сол себептен олар ол жерден қашып кетпейді, тастап кетпейді. Мүгедек болып қалғанға дейін. Тіпті өлсе де, сол таяқ жеп жатып, сол жерде өледі. 

Анна Рыль, «Қорғау-Астана» қорының директоры: 

- Если все женщины, у которых в семье происходят конфликты будут уходить, у нас будет 10 процентов семей. Остальное закончится разводом. 

Жасын Біркенов, тілші:

-Жәбір көретін келіншектердің 90 проценті осындай бұрыс ойдың шырмауында қалып, көмекке жүгінбейді. Мұның түпкі себебін психологтар зерттеген. Тәрбие отбасынан басталады. «Осы бала таяқ жегісі кеп тұр-ау, «таяқ жесе ғана тынышталады" деп, артыншы ата-аналар баласын ұрып жататыны жасырын емес. Келісім жоқ, демек керіс бар. Ал керістің теріс тұсын бала өскенде көрерсіз. Өкінішке қарай, бауыр етіңіздің болашақ отбасын әлсіретіп, жанұядағы бірлікке сызат түсіруге кезінде сіз қалай себепкер болғанын өзіңіз де байқамай қаласыз. Бар гәп осында. 

Серікгүл Сали, психолог:

- Бұны тоқтататын нәрсе не сонда? Осындай адамдар болмас үшін отбасыда баланы ұрып-соғуды тию керек. 03,23-39 Осыны білмегеннен кейін ата-аналар ұрып-соғып баланы тәрбиелеп отырмын деп, болашақ ұлдардан тирандар шығарады. Егер ана болса, ол баласын ұратын ана болады. Және де өзі де таяқ жеуге сұранып тұрады.

Жасын Біркенов, тілші:

- Ал келіншекті қасіреттен қорғайтын - ол заң. 

Анна Рыль, «Қорғау-Астана» қорының директоры:    

- Не работает система, которая женщин защищает...

Біздің елде әйелдерді қорғайтын жүйе жоқ. Кез келген агрессор жасаған әрбір соққысы үшін заң алдында жауапты екенін білуі қажет. Өкінішке орай, қоғамның өзі жанжалдасқан екі жақты татуластырып жатады. Туған-туыстардың өздері «ұят болады» деп, жазған арызынан бас тартуын сұрайды. Бұл дұрыс емес. Алайда солардың біреуі де тиранмен сөйлескісі жоқ. Ұрған жігітке «Мұның не? Бұл сенің балаларыңның анасы, сенің қылығыңды ертең ұлдарың қайталайды» деп, ақылға шақырмайды.

Жасын Біркенов, тілші:

- Ендеше қазақтың «өлімнен ұят күшті» дегенін қою керек. 

Ксения Ашигалиева, жәбірленуші:

- Я прошу сейчас государство, чтобы таких женщин очень много, чтобы они защитили нас, чтобы они создали закон о бытовом насилие. 

Жанна, жәбірленуші:

- Шыдамым таусылды. Мен күйеуіме айтқанмын, шыдамым таусылып жатыр. Мен қашанға шыдаймын бұларға. Хотя бір көңілді күн келеді ме маған?

Авторлары: Ж.Біркенов, Ж.Битабаров, Ғ.Алшынбаев

Хабар 24 телеарнасы