420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Аралда екі балықшы жоғалып кетті

  • 653
  • UPD: 15:26, 05.11.2019
Аралда екі балықшы жоғалып кетті

1993-1994 жылғы азаматтар 2 қараша күні балық аулауға ашық теңізге шығып кетіп, әлі оралмаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Төтенше жағдайлар қызметі 16 қайықпен іздестіру шараларына кірісіп кетті. Мамандар дрон көмегімен де айналаны шолу үстінде. Ауа райының күрт бұзылуынан Жалағаш ауданында да малшы адасып кеткен. Ауылдастары оны бір тәуліктен кейін қалың тоғай арасынан дін аман тауып әкелген. Ал аралдық балықшыларды іздестіру жұмыстары әзірге нәтижесіз.

Ғабит Жаңабаев, облыстық жұмылдыру дайындығы басқармасы басшысының орынбасары:

- Бүгін үшінші күн іздестіру жұмыстары тоқтамай жүріп жатыр. Төтенше жағдай департаментінің құтқарушылары қайықпен кетті. Іздестіру жұмыстары әзірге нәтиже берген жоқ. Бүкіл балықшылар болып, 30 қайықпен шығады деді. Іздестіру жұмыстары тоқтамайды.

Хабар 24 телеарнасы