420,22 505.95 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Cosmopolitan журналы жыл сайынғы байқауын өткізуге дайындықты бастады

  • 731
  • UPD: 23:11, 15.11.2019

Еліміздегі танымал әйелдер журналы жыл сайынғы байқауын өткізуге дайындықты бастады.

Келер жылдың қаңтар айында «CosmoBeautyAwards» жүлдесі  сегізінші рет тапсырылады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осыған орай бүгін журналдың шығармашылық ұжымы Алматыда сән индустриясындағы танымал арулардың басын қосып, олардың назарына үздік косметикалық тауарларды ұсынды.

Cosmopolitan журналы сұлулық пен сән әлеміндегі жаңалықтарды жариялаумен қатар әр салада жетістікке жеткен әйелдердің тәжірибесі, өмірлік ұстанымы туралы көп мағлұмат береді. Басылымның салтанатты шарасына қыз-келіншектер мен әнші-биші актрисалар жиналды. Олардың назарына бет әрлейтін, шаш бояйтын түрлі өнімдер ұсынылды.

Айнұр Ілиясова, актриса:

- Осы таңдау арқылы біз ереше, ең жақсы тауарды өзімізге ала аламыз. Яғни, қазір не көп тауар көп қой. Ал, соның қайсысы шынымен де жақсы, жағымды, қайсысының ерекшеліктері бар деген сияқты осы таңдау арқылы біз осы нәрсені түсінетін боламыз және соған қол жеткізе аламыз.

«CosmoBeautyAwards» –бұл косметикалық бұйымдар байқауы. Оған ұсынылған тауарларды сұлулыққа жаны құмар арулар насихаттап, ғаламтор арқылы барынша жарнамалайды. Шараны «PartnersMediaGroupCosmopolitanның» PR-директоры Диана Снегина ұйымдастырды.

Динара Қырықбаева, әнші:

- Cosmopolitan журналы осыны ұйымдастырып, әдемі Қазақстанның қыздарын шақырып жатыр. Менің ойымша, осындай күндер болу керек. Осындай әдемі аналарды, блогерлерді шақыру керек. Бір-бірімен керемет жаңалықтарымен бөлісіп, осындай керемет журналға жиналып жатқанына ризамын өзім.

Байқау ережесіне сәйкес дауыс беру қорытындысы 2020 жылдың басында жарияланады. Сол кезде қыз-келіншектер сән индустриясындағы озық деген косметикалық бұйымдарды таңдап алады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Сержан Жұмабаев

Хабар 24 телеарнасы