423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

СҚО диқандары марапатталды

  • 474
  • UPD: 14:28, 28.11.2019

Солтүстік Қазақстан облысының диқандары биыл ел қамбасына 5,1 миллион тонна астық құйды. Орташа есеппен алғанда шаруалар гектарынан 18 центнерден өнім жинады.

Мұнымен қоса өңір елімізде ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тартудан көш бастады. Атап айтсақ, осы бағытқа 86 миллиард теңгеден астам қаржы құйылған екен. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 31 процентке көп. Мұндай мәлімет ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу қызметкерлері күні мерекесінде айтылды. Салтанатты шара барысында алажаздай еңбек етіп, тер төккен диқандар түрлі марапатқа ие болды. Солардың бірі Біржан Шәймерденов. Кәсіпкер, жылда туған ауылын көркейтуге қомақты қаржы бөліп тұрады.

Біржан Шәймерденов, кәсіпкер:

- Өзі екі көше. Екеуінде асфальтадық. Одан басқа биыл 3 үйді тапсырдықта, тағы салынып жатыр. Одан басқа тағы да бір істеп жатқан үлкен бір шаруа ол мал шаруашылығы кешені. Оны да міне 2-3 күн ішінде ашайын деп отырмыз. Биылғы жылы ауа-райы өте ауыр болса да, егін бәрі жақсы шықты. Біз өмірімізде алмаған, 20 жылда алмаған урожайды биыл алдық.

Хабар 24 телеарнасы