412,55 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Бек Эйр» жолаушылар ақшасын 10 қаңтарға дейін қайтарып береді

  • 466
  • UPD: 18:57, 28.12.2019

«Бек Эйр» әуе компаниясы билет сатып алған жолаушылардың ақшасын 10 қаңтарға дейін қайтарып береді. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің орынбасары Берік Камалиев айтты. Қазір «Бек Эйрдің» жұмысы уақытша тоқтатылған. Осы компаниядан ұшақ билеттерін сатып алғандарға басқа әуе компаниялары қызмет көрсетеді. Қосымша рейстер қосылған. Одан бөлек, жолаушылар пойыздармен қатынай алады. 

Берік Камалиев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

Аударма. «Бек Эйр» әуе компаниясынан 10 қаңтарға дейін билет алып қойған жолаушылар басқа әуе компанияларының қызметіне жүгіне алады. Немесе оларға билет құны толықтай қайтарылады. Ал басқа әуе компаниялары билет бағасын қымбаттатпайды.   

Ал Алматы түбінде құлаған «Фоккер-100» ұшағының қара жәшігі Мәскеуге жіберілмек. Мемлекетаралық авиациялық комитет қызметкерлері апттың жай-жапсарын анықтауға көмектеседі. 

Талғат Ластаев, ҚР Азаматтық авиация комитетінің төрағасы:

- Әуе апаттарын зерттеу басқармасының инспекторы құлаған ұшақтың қара жәшігін Мәскеуге ертең алып кетеді. Олар 10 қаңтарға дейін алдын ала болжам жасау керек. Осындай талап қойып отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы