380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодарда 4000 көп балалы отбасы жәрдемақы алады

  • 160
  • UPD: 15:17, 08.01.2020
Павлодарда 4000 көп балалы отбасы жәрдемақы алады

Ертіс өңірінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатындар құжат тапсырып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әзірге 150-ден астам адам жәрдемақы алатындардың тізіміне енді. Биылдан бастап жәрдемақы нақты көмекке зәру жандарға беріледі. Ал еңбекке қабілетті азаматтарды жұмыспен қамту шаралары қолға алынды. Бірінші кезекте көп балалы және аз қамтылған отбасы мүшелеріне көмек көрсетіледі. Қазір сала мамандары жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Былтыр 3500-ден астам павлодарлық отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оларға 1,7 млрд теңге жәрдемақы төленді. Жаңа механизм бойынша, биыл отбасының кірісі есептелмейді. Көп баласы барлардың барлығы мемлекет тарапынан жәрдемақы алады. Өңірде 4000-ға жуық көпбалалы отбасы бар.

Асыл Қабенова, «Алтын алқа» иегері:

– Жеті балаға дейін 73 мың теңге, он балам болса да 73 мың теңге. Жолдарына жеңілдік, киімдеріне, төртінші сыныпқа дейін тегін тамақтану бар. Аналардың бәрі қуанышты деп ойлаймын.  

Айнұр Мұқашбекова, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бөлімінің сектор меңгерушісі:

– Әлеуметтік көмек алушылардың ішінен 998 көп балалы отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетілген болатын. Бүгінгі таңда 2018 жылдан бастап көп балалы отбасыларға жәрдемақы тоқтатылған болатын. Ал осы жылдан бастап бұл отбасыларға сол жәрдемақы қайтарылатын болды. Отбасының табысына қарамастан, төрт баласы бар отбасыларға 42 496 теңге төленеді, бес баласы барларға 53 153 теңге төленеді.

Хабар 24 телеарнасы