419,54 511.30 5.71
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Филологтар Президент мақаласына байланысты пікір білдірді

  • 1204
  • UPD: 12:20, 09.01.2020

Мың жылда адамның көзқарасы, білімі өзгергенімен мүддесі өзгерген жоқ. 

Сондықтан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында көтерілген мәселелер қай уақытта да өзектілігін жоғалтпайды. Филология ғылымдарының кандидаты Ербол Тілешев осындай пікірде. 

Тілешевтің айтуынша, мемлекет басшысы осы мақаласы арқылы Абай Құнанбаевтың шығармашылығына ел назарын аудартып, әлемдік биік тұлғаның туындылары арқылы қоғамның рухани интеллектуалдық деңгейін көтеруді көздейді.

Ербол Тілешев, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл - қазына» ұлттық орталығының атқарушы директоры:

- Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа ғана жарияланған мақаласы Абайдың тұлғасы мен бүгінгі заманның өзекті мәселелерін, бүгінгі заманның сұранысын,  бүгінгі заманның қажеттіліктерін терең сабақтастырады. Себебі Абай сияқты тұлғалар бір заманның ғана жыршысы, суреткері емес. Ол әр заманда өз замандасын табатын, өз сырласын табатын, керек болатын болса өз мұңдасын табатын тұлға.

Хабар 24 телеарнасы