380,19 420 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шетелде елімізден қашқан 33 жемқор бой тасалап жүр

  • 135
  • UPD: 15:37, 09.01.2020
Шетелде елімізден қашқан 33 жемқор бой тасалап жүр

Қазір сыбайлас жемқорлық ісімен 65 қылмыскер іздестіріліп жатыр. Оның 33-і шетелде қашып жүр.

Бұл туралы бүгін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлімдеді. Сыртта жүрген қылмыскерлерді ұстап, олардың заңсыз тапқан мүліктері мен ақшаларын елге қайтару мақсатында Қазақстан «Еуропа Кеңесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттер тобына» мүше болып қабылданды. Қысқаша ГРЕКО деп аталатын ұйымның құрамына 50 мемлекет кіреді. Олардың ішінде АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Франция, Швеция және Норвегия секілді өркениет көшіне ілескен, дамыған елдер де бар. Енді Қазақстан осы кеңеске мүше мемлекеттермен жемқорлыққа қарсы бірлесе әрекет етіп, қашып жүрген қылмыскерлерді ұстауға мүмкіндік алады.         

Олжас Бектенов, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары:

- ГРЕКО-ға қосылу біздің елімізге осы Еуропа кеңесінің сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік туралы конвенцияға қосылу мүмкіндігін береді келешекте. Осы конвенцияға қосылғаннан кейін біздің еліміздің мүмкіндіктері артады осы іздестіруде жүрген қылмыскерлерді елге қайтару жөнінде және заңсыз тапқан мүлкін және ақшасын елге қайтару. Сондықтан ол келешекте жасалатын жұмыс.

Хабар 24 телеарнасы