377,86 418,90 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жел мен күннен қуат өндіру бағытын қолға аламын – Президенттік жастар кадр резервіне үміткер

  • 59
  • UPD: 14:50, 14.01.2020

Былтыр қыркүйек айында басталған Президенттік кадрлық резервіне іріктеуге кез келген салада 5 жыл жұмыс өтілі бар 35 жасқа дейінгі ел азаматы қатыса алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауда жүктеген тікелей тапсырмасына орай жүзеге асып жатқан бұл жобаға еліміз бойынша 7 мың 312 жас құжат тапсырған. Жастар жылы аясында қолға алынған жобаға еліміздің шығысындағы жастар да белсенділік танытты. Ал төртінші соңғы кезеңге бұл өңірден 11 жас өткен.

Президенттік кадрлық резервке өткендердің бірі – Алексей Анисимов. Ол ауыл мектебін бітірген соң Өскемендегі техникалық жоғары оқу орынында энергетика мамандығында түседі. Сол кезде-ақ алғырлығымен танылады. Қызметті жеке компанияда қатардағы маман болып бастайды. Қазір ірі автоқұрастыру зауытында  менеджер. Қызметте болса да, ғылыммен шұғылданып жүр. Болашақта баламалы энергия көзін дамыту бойынша еңбектенбек. 

Алексей Анисимов, Президенттік жастар кадр резервіне үміткер:

– Болашақта басқару қызметіне барсам, елімізде баламалы энергия көзін дамытуды көздеп отырмын. Жел мен күннен қуат өндіру бағытын қолға аламын. Себебі 2050 жылға қарай Орталық Азияда энергия өндірудің осы  түрі ерекше дамитын болады. Ал Қазақстан бұл бағытта көшбасшы ел боларына сенемін. 

Әр салада алғырлығы және көшбасшылығымен көзге түскен жастар 4 кезеңнен тұратын іріктеуден өтті. Әр кезең бойынша үміткерлерге түрлі тапсырмалар жүктелді. Ал сынықтың барлығы да онлайн жүйеде болды. Сынақтан сүрінбей өткендері кадрлық резервке алынады. Бірақ бірден лауазымды қызметке тағайындалмайды. 

Айнұр Мұстафина, облыстық мемлекеттік қызмет істері департаментінің басқарма басшысы:

– Бұл резерв жасақталады. Әрі қарай осы резервшілермен жұмыс жасалады. Оларды Президент жанындағы мемлекеттік басқару акедемиясында оқыту жүргізеді. Содан кейін басшылық лауазымдарға жасақталған ішіндегі үміткерлерді қатыстыратын болады.

Президенттік кадрлық резервіне өтуге шығыстан үміткер ретінде қатысып жатқан жастардың 60 проценті – мемлекеттік қызметте жүргендер. Қалған 40 проценті басқа сала мамандары.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин

Хабар 24 телеарнасы