376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды

  • 63
  • UPD: 10:42, 15.01.2020
ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды

ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтcақ, Ерлан Сламханұлы Дауылбаев ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды.

«Ерлан Сламханұлы көп жылдар бойы әділет саласында жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы жүйесінде де қызме етті. Соңғы уақытта Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды», - Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Өз кезегінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров қызметтерін атқарған кезде Е. Дауылбаев өзінің жоғары біліктілігі бар заңгер ретінде көрсете алғанын атап өтті.

Хабар 24 телеарнасы