376,51 420,09 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Атыраулық прокурорлар тұрғындарға күні-түні қызмет көрсетпек

  • 62
  • UPD: 18:11, 15.01.2020
Атыраулық прокурорлар тұрғындарға күні-түні қызмет көрсетпек

Атырауда облыстық прокуратура жанынан қызмет көрсету орталығы ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді азаматтар тәулік бойы прокурорлардың көмегіне жүгіне алады. Орталықта екі қабылдау бөлмесі бар. Сондай-ақ топ боп келетін тұрғындар үшін мәжіліс залы да қарыстырылған. Ғимарат заманауи үлгіде жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі жандардың да емін-еркін кіріп-шығуына жағдай жасалған. Өткен жылы облыстық прокуратураға азаматтардан 2200-ден астам шағым түсіпті. Көпшілігі тергеу ісіне наразылықтарын білдірген. Сондықтан қадағалаушы орган қызметінің барша қолжетімді болуы үшін осындай орталық ашылып отыр.

Халидолла Дәуешов, облыс прокуроры:

– Бұл орталық қаланың қақ ортасында тұр. Халыққа үлкен пайдасын тигізеді. Мақсатымыз – көмектесу, арыздардың барлығына толық, сапалы жауап беруге дайынбыз.

Хабар 24 телеарнасы