376,52 406,00 5,86

+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Шымкентте волонтерлер қозғалысы құрылды

  • 208
  • UPD: 09:26, 18.01.2020
Шымкентте волонтерлер қозғалысы құрылды

Шымкентте Қазақстан халқы Ассамблеясы жанынан волонтерлер қозғалысының орталығы құрылды. Енді еріктілер мұнда волонтерлық қызметтің 4 бағыты бойынша жұмыс жасайтын болады.

Олар әлеуметтік бастамаларды қолдап, жастарға білім беруді қолға алмақ. Топ-топқа бөлінгендердің ішінде кейбір еріктілер спорт сайыстарын ұйымдастыруды көздесе, заңды жатқа  білетіндері  медиацияның дамуына үлесін қоспақ. Шаһарда волонтерлыққа бет бұрған жастар көп дейді шараны ұйымдастырушылар. Мәселен М.Әуезов атындағы мемлекеттік университет студенті Ерасыл Анарханұлы білімге құштар алайда жағдайы төмен жастарға тегін оқу курсын өткізуді жоспарлапты.  Сондай-ақ жас ғалым смартфонның радиациясын азайтатын киізден қаптама ойлап тапқан. Ерасыл менен кейін де елімізде білімді жастар шықса, осылай Қазақстанның атын әлемге танытсақ дейді. Сол үшін де еріктілер сапына қосылған.  Айта кетейік,  Жастар орталығының мәліметінше шаһарда жалпы 2 мыңнан аса ерікті тіркелген.

Ерасыл Анарханұлы, ерікті:

- Білім бойынша қазіргі кезде көптеген жастардың қызығушылықтары бар. Көптеген ынталы адамдар бар. Солармен бірге жұмыс жасау, оларды кәсіпкерлікке оқыту және де IT саласы бойынша жұыс жасауға үйрету. Біз тек қана еліміз үшін Отанымыз үшін жұмыс жасайтын нағыз қазіргі заманның патриоттары біз болып табыламыз.

Хабар 24 телеарнасы