424.49 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

ҰОС ескерткіштері қалпына келтіріледі

  • 1409
ҰОС ескерткіштері қалпына келтіріледі

Алматы облысында Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай Кеңес одағының батырларына арналған ескерткіштердің барлығы жөнделеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мұндай сәулет өнерінің тамаша туындылары облыстағы әрбір ауылда бар деп айтуға болады. Әзірге 115 ескерткіштің жөнделетіні белгілі. Бұл мақсатқа жергілікті бюджеттен 150 миллион теңге бөлінген. Қалпына келтіру жұмыстары кейбір аудандарда басталып та кетті.

Мәрлен Көлбаев, облыстық мәдениет, архив және құжаттама басқармасының басшысы:

– Наурыз мейрамына дейін барлық ескерткіш қалпына келтірілсін деген облыс әкімінің тапсырмасы бар. Қазір барлық аудан әкімі осыған байланысты тиісті жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұған қаражат бөлінген және де осы Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 75 жылдығына арналған арнайы жұмыс жоспары құрылып, шаралар дайындалып жатыр.

Хабар 24 телеарнасы