420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Ұлы Абайға адалдық». Семейде зағип жандарға арнайы көрме ашылды

  • 835
  • UPD: 21:30, 11.02.2020
«Ұлы Абайға адалдық». Семейде зағип жандарға арнайы көрме ашылды

Семейдегі мүмкіндігі шектеулі жандар Абайдың 175 жылдық мерейтойын лайықты атап өтуде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мыңға тарта оқырманы бар қаладағы зағип және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханада «Ұлы Абайға адалдық» атты дыбыстық көрме ұйымдастырылды. Мұнда әр түрлі әдебиет түрлері дыбыстық нұсқада ұсынылған. Ұлы ақынның еңбектерінен бөлек, ол туралы жазылған кітаптар, ұлы ойшыл туралы мақалалар мен аудармалар бар. Шара аясында осы кітапхана мен қалалық мәдениет сарайы меморандумға отырды. Әлеуметтік жобаның мақсаты – мемлекеттік және орыс тілдерінде CD дискіде әдебиеттер шығарып, кітапхана қорын ұлғайту.

Назерке Аққожина, қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы:

–Мәдениет сарайы жанындағы студияда арнайы диктормен, актерлардың оқуымен осындай аудиокітаптарды жазу мақсатын қойып, бүгін бастап отырмыз. Ең бірінші, қазір осы кітапхана өзінің оқырмандарының арасында сауалнама жүргізіп жатыр. Сұранысқа байланысты, Абай шығармаларынан, «Абай жолынан» бастасақ деп ойлап отырмыз.

Клара Құсайынова, оқырман:

– Өте қуаныштымын. Мен өзім Абай атамыздың шығармаларын көп біле бермеймін. Сондықтан біз Абай жайлы жақсы білетін болдық. Қазақша да, орысша да басып беріп отырса жақсы болар еді.

Хабар 24 телеарнасы