430,51 507,70 5.56
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ҚР ДСМ Diamond Princess лайнерінен эвакуацияланған қазақстандықтардан кешірім сұрады

  • 523
  • UPD: 14:15, 25.02.2020

Еліміздің денсаулық сақтау министрлігі кеше ешқандай ескертусіз карантинге жабылған жолаушылардан кешірім сұрады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құзырлы ведмоство бұл шара қауіпсіздік мақсатында жасалғанын алға тартты. Ал Токио - Нұр-Сұлтан рейсімен келгендер әлі күнге дейін аң-таң.

Жапония астанасынан ұшып жеткендер түгелдей ауруханаға жатқызылғаны жайында кеше белгілі болды. Қызығы сол, елге оралған жолаушылар қатарында карантинді лайнерден түсірілген азаматтар болғанын білмеген. Яғни ұшаққа отырар алдында, тіпті сапар барысында да оларға ешкім ештеңе ескертпепті.

Назым Басқынбаева, жолаушы:

– Ұшаққа отыруға келгенде 4 жолаушыны, 2 әйел адам, 2 баланы, елшіліктің өкілі алып жүргенін көрдік. Тіркеу аймағында да, күту аймағында да, ұшаққа жеткізетін автобусқа дейін оларды шығарып салды. Әрине, бізге кішкене күдікті көрінді. Бірақ ойымызда ештеңе болған жоқ. Ұшаққа кіргеннен кейін де әуе компанияның барлық қызметкері толығымен киінген, дайындалған, аяқтары, қолдары түгел жабық болды.

Ал ұшақ елге жеткен кезде жолаушыларды өткізу терминалына емес, қала сыртына алып кетеді. Ол жерде арнайы аурухана орналасқан. Жапониядан келген 20 жолаушы, оның ішінде 8 экипаж мүшесі түгелдей 2 апталық карантинге жатқызылады.

Назым Басқынбаева, жолаушы:

– Қасымызда круиздік лайнердегі 4 жолаушының келгенін, олардың қолында «таза» деген анықтама қағазы болғанымен, короновирустың инкубаторлық кезеңі ұзартылған. Сондықтан оларды бақылауға алатынын сол кезде ғана естіп жатырмыз.

Ал Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері жауапкершілікті әуе компаниясына жүктеп отыр. Яғни «SCAT» қызметкерлері алын ала ескерту керек еді дейді.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ комитеті төрағасының орынбасары:

– Әуе компаниясы бұл жағдай жайында алдын ала білді және жолаушыларға ескерткенін хабарламады. Ал біз елге жеткенде, барлығын тексеруге кірістік. Круиздік лайнерде болған 4 жолаушы бұған дейін 14 күндік карантинде болған. Барлық тексерістен өткен. Тіпті короновирус белгілері жоқ деген анықтамасы да бар. Бірақ біз бәрібір қауіпсіздік шараларын қолға алу керекпіз. Тіпті арнайы киімде жүрген экипаж мүшелерін де ауруханаға жатқыздық.

Қазір барлық жолаушы тиісті сынамаларды тапсырды. Тіпті кейбірінің нәтижесі шығып та үлгерді.

Назым Басқынбаева, жолаушы:

– Келген күні ауыз қуысынан және мұрыннан сынама алынды. Содан кейін тамырдан қан алды. Барлық рейстің жолаушылары таза деген анықтамамен шықты. Қанның нәтижесі әлі дайын болмай жатыр. Ол сұраққа жауап ала алған жоқпын.

Жолаушылар карантинде әлі нақты қанша күн боларымыз белгісіз дейді.

Авторы: Аслан Қаженов

Эксклюзив. Круиздік лайнерден эвакуацияланған қазақстандықтарды елге жеткізу сәті

Хабар 24 телеарнасы