423.87 509.00 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Түркістан облысында заң бұзушыларға 57 млн астам айыппұл салынды

  • 405
  • UPD: 09:36, 15.03.2020
Түркістан облысында заң бұзушыларға 57 млн астам айыппұл салынды

Түркістан облысында соңғы екі айда 34 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық тіркелді. Олардың барлығы жаңадан орнатылған фото-бейнежүйелерінің көмегімен анықталып, заң бұзушыларға 57 миллион теңгеден аса айыппұл салынды.

Әкімшілік полиция басқармасы мамандарының көмегімен бүгінге дейін соның 24 млн теңгесі өндіріліп алынды. Барлық камералар орталықтандырылған жүйе арқылы басқарылады. Қоғамдық тәртіпті бұзғандар мен жол ережесін сақтамағандар бақылауда болады. Білім ошақтары маңындағы жол қауіпсіздігі де ерекше назарда. Жалпы Түркістан қаласында 35 мектеп бар. Олардың маңындағы жолдарға жол белгілері мен дыбыстық қондырғылар орнатылған. Полиция инспекторлары күн сайын балалардың жолдан өтуіне көмек береді. Ал жақын күндері мұнда бейне бақылау камералары орнатылады.

Ғалымжан Әшіров, облыстық ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің аға инспекторы:

- Яғни бұл жаяу жүргіншілерді өткізбеу, көлік құралының жылдамдығын анықтау, жаяу жүргіншіге басымдылық бермеу, тыйым салынған жерге көлік құралымен тоқтау, жаяу жүргіншілерге арналған тротуармен жүру, қарама-қарсы бағытта көлікті басқару, тоқтауға тыйым салынған жерлерде жолаушыларын түсіру және оларды қайта мінгізу сияқты құқық бұзушылықтарды анықтайды бұл «Скат ПП».

Хабар 24 телеарнасы