448,52 487,00 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматыда коронавирус анықталған 6 адамның жағдайы белгілі болды

  • 200
  • UPD: 17:41, 15.03.2020
Алматыда коронавирус анықталған 6 адамның жағдайы белгілі болды

Коронавирус жұқтырған Алматыдағы екі отандасымыздың жағдайы орташа ауыр деңгейде.

Бұл туралы шаһардың қоғамдық денсаулық сақтау басқарамасының басшысы Тілеухан Әбілдаев мәлімдеді. Оның айтуынша, науқастарға белгіленген хаттамаға сәйкес ем шаралар жасалып жатыр. Сондай-ақ Тілеухан Әбілдаев бүгін індет жұқтырған екі адамның жағдайы туралы баяндады. Қазір олар оқшауланған. Ал коронавирус анықталған 25 жастағы жігіт келген ұшақтағы барлық жолаушылар 14 күндік карантинге жатқызылды. Жалпы Алматыда COVID-19 індетін жұқтырғандар саны – 6. Төртеуінің жағдайы қалыпты.

Хабар 24 телеарнасы