420.79 509.00 5.65
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Оралда АӘК шеңберіндегі кепілді әлеуметтік топтаманы тарату басталды

  • 357
  • UPD: 14:12, 24.03.2020
Оралда АӘК шеңберіндегі кепілді әлеуметтік топтаманы тарату басталды

Оралда атаулы әлеуметтік көмек шеңберіндегі кепілдік берілген әлеуметтік топтаманы тарату жұмыстары басталды. Бұл ретте бір жастан алты жасқа дейінгі балаларға ай сайын немесе тоқсанына бір рет азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарлары атаулы әлеуметтік көмек көрсету кезеңіндегі айлық жиынтық санынан кем емес мөлшерде беріледі.

Жұлдыз Нәбиева 4 баланың анасы. Былтырдан бері жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алып келеді. Әр балаға төленетін қаржы отбасыға үлкен көмек. Міне, енді алғаш рет кепілдік берілген әлеуметтік топтама да қолымызға тиді. Бұған әрине, өте қуаныштымыз,- дейді ол. 

Жұлдыз Нәбиева, қала тұрғыны:

- Жолдасым жұмыс істейді, зарплаты азғана, сол квартирге төлеп отырамыз. Квартира жалдап отырмыз. Өзім жұмыс жоқ осы бала күтімімен отырамын. Үлкенім 3 оқиды, 10-да. Кішім жас жарымда. Әліби, Нұрәділ, Гүлзира, үлкенінің аты Бекзат. Үш ұлым, бір қызым бар. 

Бүгінгі таңда қала бойынша 1379 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал жаңа топтама 1367 отбасыға таратылады. Олар азық-түлік пен тұрмыстық химия тауарларын ай сайын атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау кезеңінде алады. 

Ерлан Ғалиев,  қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы: 

- Екіге бөлінеді бұл топтамалар құрамы. 1 жастан 3 жастағы дейінгі балалар үшін және 3-6 жасқа дейінгі балар үшін. Қазір мына біз таратып жатқан отбасыларда 1жастан 3 жасқа дейін 825 бала бар. 3-6 жасқа дейін 719 бала. Енді бұл әлеуметтік топтамалардың құрамында балаларға  қажетті бүкіл дәрумендердің бәрі қарастырылған.

Әлеуметтік көмек ретіндегі тауарларды тарату қаланың бірнеше жерінде ұйымдастырылған.

Мамандардың айтуынша, бұл төтенше жағдай кезінде адамдардың көп шоғырланбауы үшін алынған шара дейді мамандар. 

Талғат Серікқалиұлы, Болат Жарылғасов, Қанат Махмұтов

Хабар 24 телеарнасы