412,24 465,50 5.83
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағанды облысындағы блок-бекеттерді айналып өтпек болғандар ұсталды

  • 120
  • UPD: 20:41, 07.04.2020
Қарағанды облысындағы блок-бекеттерді айналып өтпек болғандар ұсталды

Олардың бірі Қарағандыдан жаяу шығып, Балқашқа жетпек болған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тағы біреуі көлігімен екі жолаушыны діттеген жеріне дала жолымен жеткізуді көздеген. Полицейлер тұрғындарға карантин режимін бұзғандар әкімшілік жазаға тартылатынын, тіпті 15 тәулікке дейін қамауға алынуы мүмкін екенін ескертіп отыр.

Естеріңізге салсақ, бұл облыста да карантин жарияланып, өңірге кіріп-шығуға тыйым салынған. Қарағандымен іргелес 5 қала мен Бұқар жырау ауданының 5 елді мекені ерекше бақылауда. Облыста қазір 18 блок-бекет және 17 санитарлық бекет жұмыс  істеп тұр.

Жанатай Сембеков, облыстық ПД баспасөз қызметінің басшысы:

- Әкімшілік істердің 97-сі бойынша айыппұл салынды, 96-сы қамауға алынған. Бұл құқықбұзушылық санкциясына келсек, 10 АЕК айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.

Хабар 24 телеарнасы