425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қызылорда облысында киік атқан браконьерлер іздестірілуде

  • 774
  • UPD: 19:26, 11.04.2020
Қызылорда облысында киік атқан браконьерлер іздестірілуде

Бүгін «Охотзоопром» инспекторлары Қызылорда қаласындағы блокпостты айналып қашпақ болған екі автокөліктегі браконьерлердің ізін шалды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қуғын кезінде бір көлік аударылған. Бұған қарамастан браконьерлер екінші көлікпен ізін суытып үлгерген. Аударылған көлікті тексеру барысында 54 киіктің еті мен 224 мүйізі, МР-153 маркалы аңшы қаруы, 25 патрон, пышақ, дүрбі табылған. Мамандардың айтуынша, көлік аңшылыққа арнайы жабдықталған, ал мемлекеттік номері тіркеуде жоқ болып шықты. Қазіргі уақытта жедел іздестіру шаралары басталып, Қылмыстық кодекстің 339-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Хабар 24 телеарнасы