432,64 506,00 5.46
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордада жедел штаб мамандары 15 мың бейнебақылау камерасы арқылы бақылау жүргізеді

  • 225
  • UPD: 15:49, 22.04.2020

Елордадағы жедел штаб мамандары 15 мың бейнебақылау камерасы арқылы қала көшелеріне мониторинг жүргізіп, қоңырауларды қабылдап, түскен деректерді өңдеумен айналысып жатыр.

Жедел штаб қызметі – бас қаладағы коронавируқа қарсы күрес жүргізуді үйлестіріп отырған басты орталықтың бірі. Сондықтан тәулік бойы жұмыс бір сәтке де тоқтамайды. Мұнда алғаш рет барған адамның назары бірден мына мониторға түседі.

Айтқабыл Бопантай, жедел штабтың үйлестірушісі:

- Бейнеқабырға блок-посттарға моноиторинг жүргізу мақсатында орнатылған. Бұған 15 мыңнан астам камерасы бар қалалық бақылау жүйесі қосылған. Мұнда біз блок-посттарда кім кіріп, кім шығып жатқанын, қандай жағдай болып жатқанына дейін бақылау жүргізіміз. Келіп түскен ақпараттарға жауап қайтарылады.

Жекелеген азаматтардан телефон қоңырауы, электронды пошта мен әлеуметтік желілер арқылы сұрақтар қабылданады. Нәдірбек Дастан – соған жауапты маманның бірі. Ол бір күндік қызметі кезінде орта есеппен алғанда 200-ге жуық адамның өтінішіне жауап қайтарады.

Нәдірбек Дастан, жедел штабтың маманы:

– Жеке кәсіпкерлер өзінің жұмысын бастау бойынша сұрақтарын шешеміз. Көбіне жұмыс уақыты және қалада қалай жүруге болатынын сұрайды. 

Жедел штабта азаматтық тұлғаларға қарағанда әскери мамандар көп. Көбі жуырда өткізілген әскери міндеттілерді қызметке шақыру науқаны аясында жасақталған.

Ердәулет Ыбырайұлы, тілші:

– Олар әскерилер болғанымен, төтенше жағдайға дейінгі қызметтері түрлі саламен байланысты. Мемлекеттік қызметкер, медициналық мамандар, ІТ түрлі техниканың маманы. Сол үшінде жедел штаб кез келген сұрақ, түрлі өтініш пен жағдайларға бейім өз бекітілген тәртібімен қалыпты жұмыс істеп жатыр.

Авторлары: Ердәулет Ыбырайұлы, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы