419,69 511.30 5.67
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дәрігерлер бір айлық нәрестенің өңешіне операция жасап, аман алып қалды

  • 298
  • UPD: 16:38, 24.04.2020
Дәрігерлер бір айлық нәрестенің өңешіне операция жасап, аман алып қалды

Түркістан облыстық балалар ауруханасының жан сақтау бөліміне Түлкібас ауданынан бір айлық нәресте ауыр халде жеткізілген. Дәрігерлер сәбидің жүрегінің туа біткен ақауы мен асқазан ішек жолдары және өңештегі тесік жарықтары барын санаулы уақыт ішінде анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, барлық қауіп-қатерлер мен асқынулар қатаң ескерілген. Баланың жасанды қан айналым жағдайында жүрек ақауын түзету және диафрагманың өңеш тесігіне операция жасау шешімі қабылданған. Кардиохирургтар мен неонаталды хирургтердің білікті құрамы жасаған операция 4 сағатқа созылды. Нәтижесінде нәрестенің беті бері қарап, өміріне төнген қауіп сейілді. Дәрігерлер операцияның мұндай күрделі түрі өңірде алғаш рет жасалып отырғанын айтады. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі бойынша мұндай операциялар науқастардың 20 пайызында кездеседі. Алайда нәрестелер мен 3 айға дейінгі сәбилерге бірнеше күрделі операция жасау жоғары мамандандырылған диагностиканы және жоғары білікті мамандардың болуын талап етеді.

Айта кетейік, бір айлық нәресте Балықты ауылының тұрғыны Дана Әшірбектің бесінші перзенті. Бөбегін қиын жағдайда дәрігерлер қолына тапсырған көп балалы ана абзал жандардың біліктілігіне риза болып, алғысын жеткізді.

«Әр науқастың жанына жебеу болып, қандай ауруға болмасын қарсы тұратын дәрігерлерге деген шексіз алғысымды білдіргім келеді. Баламның ауруына араша бола білген дәрігерлерге және медбикелерге шексіз ризашылығымды айтамын. Сіздер бізге шексіз бақыт сыйладыңыздар»,- дейді Дана Әшірбек.

Хабар 24 телеарнасы