433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Алматы облысында медицина қызметкерлеріне үстемеақы берілді

  • 565
Алматы облысында медицина қызметкерлеріне үстемеақы берілді

Алматы облысында коронавирус инфекциясымен күреске жұмылдырылған 1448 медицина қызметкеріне үстемеақы берілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ өңір басшысының арнайы қаулысымен 1023 маманға бір жалақы көлемінде сыйақы тағайындалған. Бұл мақсатқа республикалық қазынадан 106 млн теңгеден астам қаржы бөлінсе, Алматы облысының резервінен 137 млиллион теңге қаралды. Өңірде коронавирус инфекциясын анықтаумен айналысатын 4 зертхана жұмыс істеп тұр. Жақын арада бұған тағы екеуі қосылады. Ал онда жұмыс істейтін қызметкерлер Нұр-Сұлтан қаласынан шақыртылуда. Президенттік қолдауға ие болмаған мамандарды ынталандыру бағытында да бірқатар шара атқарылып жатыр дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылар.

Бауыржан Ысқақ, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

– Сәуір айында да үстемеақы беру жалғастырылады. Комиссия құрылады. Комиссияның шешімі бойынша өздерінің тиісті премиясын немесе үстемеақысын алады.

Хабар 24 телеарнасы