426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


COVID-19: «Теңіз» кенішіне Атырау облысынан арнайы жұмысшы тобы жіберілді

  • 256
  • UPD: 19:46, 20.05.2020
COVID-19: «Теңіз» кенішіне Атырау облысынан арнайы жұмысшы тобы жіберілді

«Теңіз» кен алаңында қалыптасқан күрделі эпидемиологиялық ахуалға байланысты Атырау облысынан арнайы жұмысшы тобы жіберілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Кеше бір тәулікте аталған кеніштен 142 жұмысшының коронавирус жұқтырғаны анықталған еді. Жалпы «Теңізде» індетке шалдыққан 712 адам тіркеліп отыр. Кен алаңында 230 орындық карантиндік орталық ашылды. Жұмысшы тобы кеніштегі жағдайды зерделеп, тиісті шара қабылдайды. Қазір мұнай өнеркәсібіне қатыссыз 17 мың жұмысшы сыртқа шығарылды. Қалғандары да мүмкіндігіне қарай қашықтан жұмыс істеу жүйесіне көшірілетін болады.

Ержан Қалымбайұлы, облыс әкімінің баспасөз хатшысы:

– «Теңіз» кенішіндегі арнайы жұмыс тобы бірнеше күн жұмыс істейді. Соның қортындысы бойынша ТШО мердігерлерінің орналасқан жерін анықтауға қатысты арнайы жоспар құрады. Сонымен қатар карантиндік аймақтардағы бақылаусыз кіріп-шығуға тыйым салу, сонымен қатар кезекшілік санын анықтау, өндіріс процесіне қатыспайтын адамдарды тексеру және оларды шығарудың жолын ұйымдастыру туралы нақты шешім қабылданады деп жоспарланып отыр.

Хабар 24 телеарнасы