411,54 452,40 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Батыс Қазақстанда 860 мың гектар жер игерілмей бос жатыр

  • 99
Батыс Қазақстанда 860 мың гектар жер игерілмей бос жатыр

Басым бөлігі Тасқала, Сырым, Ақжайық аудандарына тиесілі, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шаруа қожалықтарының басшылары жерді игермеудің себебін тіршілік нәрінің жоқтығымен байланыстырады. Аймақта осындай жалға алынған жерлерді үшінші тұлғаларға жалға беруге тыйым салынған. Сөйтіп, 75 мың гектардан аса жер мемлекетке қайтарылды. Енді бұл телімдер байқау тәртібімен басқа шаруа қожалықтарының меншігіне өтпек.

Аяжан Амангелдиева, облыстық жер қатынастары басқармасы басшысының м.а:

– Егер жерді 1 жылдың ішінде пайдаланбаған жағдайда оны басқа жұмыс істейтін шаруашылықтарға беретін боламыз. Қазір шаруалар осындай 125 мың гектар жерді игере бастады. Сонымен қатар мұндай пайдаланылмай жатқан жерлер үшін базалық салық мөлшерлемесі 10 есеге дейін өсетінін ескертеміз.

Хабар 24 телеарнасы