423,91 504.32 5.82
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қызылорда облысында 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

  • 628
  • UPD: 18:58, 28.05.2020
Қызылорда облысында 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылады

Сыр өңірінде «Бизнестің жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл аймақта кәсіпкерлікті дамыту үшін айтарлықтай қолдау болмақ. Мәселен, Шиелі ауданының кәсіпкерлері жылыжай шаруашылығына көңіл бөле бастаған. Биыл ауданда құны 86 миллион теңге болатын тағы 20 жылыжайды іске қосу көзделіп отыр. Төмен пайызбен берілетін несие арқылы өңірдегі шұбат цехының да ауқымы кеңейген. Күн сайын 2 тонна сүт өнімдері жергілікті нарықтан бөлек, Алматы, Ақтөбе және Қызылорда қалаларына жеткізіледі. Аудандағы осындай ілкімді істермен танысқан аймақ басшысы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында да облыста ауқымды жобалар жүзеге асады», - деді. Бұл ретте ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын дамытуға басымдық берілген. Оның аясында 10 мыңға жуық жұмыс орны ашылмақ.

Гүлшара Әбдіқалықова, облыс әкімі:

Бұл бағдарлама бойынша 37 млрд теңге ақша бөлініп отыр. Оған 296 әр түрлі объектілер қаралатын болады. Оның ішінде бірінші бағыт әлеуметтік-мәдени объектілер, екінші абаттандыру мәселесі, үшінші комуналды шаруашылықтағы объектілер, төртінші инфрақұрылым, инженерлік, көліктік объектілер. Және 41 объект күрделі жөндеуден өтеді деп қарап отырмыз.

Хабар 24 телеарнасы