420,76 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Оралдағы сауда орындарында карантин талаптарын орындамау жиі кездеседі

  • 304
  • UPD: 09:24, 04.06.2020
Оралдағы сауда орындарында карантин талаптарын орындамау жиі кездеседі

Оралда  карантин талаптарының сақталуы қатаң бақылауда. Санэпидемиолог мамандар қаладағы 6 сауда үйін аралап, санитарлық ережелердің сақталуына мониторинг жүргізді. Қазір қаладағы ауданы 2 мың шаршы метрден асатын сауда үйлерінің барлығы да жұмысын бастады.

Сауда нүктелерінде сатушылар бетперде киіп, антисептиктермен қамтылған. Дегенмен, тексеру барысында сатып алушылардың белгіленген арақашықтықты сақтамай, жабық үй-жайға кіргенде бетперде кие бермейтіні анықталды. Сауда үйлеріне кіргенде дене қызуын өлшейтін құралдар да жоқ. Осыған орай тұрғындар мен сауда үйлерінің иелеріне облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы түсіндіріліп, ескерту берілді.

Айта кету керек, аймақта эпидемиологиялық ахуал мәз емес. Облыста соңғы күндері 40 адам қауіпті вирус жұқтырған. 

Сұлтанбек Өтешев,  сауда үйінің өкілі:

- Арендаторлар қарсы шықпайды былай, сол келген посетительдер, келушілер. Ұнамайды, нетпейді, ойбай, маска деген қайдағы жоқты шығарасыңдар дейді. Болмаған ауру, көрінбейтін ауру деп айтады. 

Әдемі Хасанова, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бд баспасөз хатшысы:

- Бүгінгі таңда облыс бойынша корнавирус инфекциясымен 732 адам тіркелсе, соның 319 адам қазір жазылып үйлеріне қайтты. Тұрғындардан сұрайтынымыз карантин режимін сақтаңыздар, жабық үй-жайларға кіргенде міндетті түрде маскаларыңыз болсын, антисептиктерді қолданыңыздар. Сонымен қатар қонаққа баруға немесе шақыруға, адам көп жерлерге баруға тыйым салынады.

Хабар 24 телеарнасы