420,29 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Жауапты басшы жалтарып жүр: Қапшағайдағы саяжай халқы сусыз қалды

  • 365
  • UPD: 18:23, 08.06.2020

Еліміздегі ең ірі су қоймасы маңында тұратын тұрғындар тіршілік нәрінен таршылық көріп отыр. Қапшағай жұрты бау-бақша солып, гүлзарлар қурай бастады дейді. Елді мекенді сумен қамтамасыз етуге жауапты мекеме ешкімнің рұқсатынсыз бұрынғы су құбырын ауыстырып тастапты. Жергілікті халық қала әкімдігіне бұл мәселені айтып, бірнеше мәрте арызданған. 

Гүлбазар Тәжімұратова саяжайында көкөніс отырғызыпты. Бұған дейін су тапшылығын сезбеген. Ал қазір өрік пен алма ағашы мезгілінен ерте сарғая бастаған. 

Гүлбазар Тәжімұратова, «Строитель» саяжайының тұрғыны:

- 15 апрельде су беру керек еді содан бері су жоқ. Не ектіңіз енді?

– Мен картошка, асқабақ, содан кейін ана жерге азғантай помидор ектім.

– Қазір ара-тұра ауыз сумен суғарасыз ба?

– Иә.

- Ол қымбат 241 теңге бір кубы.

Қапшағай қаласына қарасты «Строитель» саяжайында 2 мың адам тұрады. Өткен жылы кооператив басшысы ауылдағы ескі құбырды ауыстырып, орнына жаңасын салған. Алайда көлемі кіші пластик құбыр жарамсыз болып шықты.

Ардақ  Нұрекенова, «Строитель» саяжайының тұрғыны:

- Биыл көктемнен бастап чугун трубалардың бәрін қазып алып, өткізіп тастапты. Одан кейін 150-лік пластиковый труба қойды. Ана жерде бассейн бар су жиналатын бәленбай кубометр, насос тұр. Сол насосты қосқанда трубалардың бәрі жарылып кетті.

«Строитель» кооперативінің басшысы Баққожа Мамыраев наразы халықпен кездесуге келмеді. Кеңсесінің есігі жабық. Тұрғындардың арыз-шағымын тыңдағысы да жоқ. Өзімен бетпе-бет жүздесіп, мұңын айту үшін халық күнде осында келіп, есігін торуылдап жүр. 

Гүлнәр Қаражігітова, «Строитель» саяжайының тұрғыны:

- 10 күн деді. Екі айдан бері жоқ су. Председательдің өзі жоқ. Қашып жүр. Последний раз әкіммен собрание болды ауыз суда. Содан бері жоқ міне.

Кооператив басшысының орынбасары Азат Ұзақов та бұл жөнінде  ешқандай түсінік бергісі келмеді.

- Айта аласыз ба комментарий.

- Жоқ.

- Еее, Азат тұра тұрсаңшы сенімен адам сияқты сөйлесіп тұрмыз ғой.

- Сөйлеспей-ақ қой менімен.

Жалпы саяжайға суармалы су құбыры  Қапшағай су қоймасынан тартылады. Алайда жұмыс уақыты болса да бұл жерден де ешкімді таппадық.

Алмас Садуақас, тілші:

- Көл жағалауында тұрып суға жарымай тұрған елді мекеннің тұрғындарына, яғни олардың бақшаларына баратын су осы сусорғыш арқылы жеткізіледі. Алайда өздеріңз көріп тұрғандарыңыздай мүлдем жұмыс істемейді. Яғни ауылға бір де бір тамшы су барып жатқан жоқ деген сөз.

Ал Қапшағай қаласы әкімдігінің айтуынша, «Строитель» елді мекені жеке тұтынушы кооператив болып саналады. «Сондықтан ондағы коммуналдық-шаруашылық мәселесіне кооператив басшылығы  жауапты» дейді.

Сағдат Нұрғазиев, Қапшағай қаласы әкімінің орынбасары:

- Өзіміздің уәкілетті органдарымыз бар, қалалық су құбыры мекемесі. Сол қызметкерлерді апарып кешелі бері өзім санатқызып, есептеткізіп жатырмын. Біз енді өз қолымыздан келетіні материалдарын тауып бергенге ықпал жасайық деп отырмыз. Трубасын қосып, тартып халықты бір тыныштатып сол суын беру.

Үш шақырым су құбыры ашық-шашық жатыр. Талапқа сай болмаған соң әр жерінен тесіліп, су далаға ағуда. Елді мекендегі бассейнде де су жоқ. Қазір кооператив басшысының ісіне қатысты қалалық прокуратураға арыз түскен. Енді бұл мәселенің ақ-қарасын құзырлы мекеме ажыратады. Бұл мәселе шешілгенге дейін тұрғындар саяжайдағы бау-бақша қурап кетпесе болғаны деп уайымдап отыр.  

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбаев

Хабар 24 телеарнасы