420,31 511.30 5.69
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Елордалық ауруханаларда жоспарлы операциялар уақытша тоқтады

  • 442
  • UPD: 15:08, 15.06.2020
Елордалық ауруханаларда жоспарлы операциялар уақытша тоқтады

Елорданың медициналық мекемелерінде жоспарлы операциялар уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ науқастар да алдағы бір аптада ауруханаға жатқызылмайды. Бұл туралы қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Ескеретін жайт, шұғыл түрде жасалуы тиіс операциялар кейінге шегерілмейді. Бүгінге дейін қалалық стационарға жатқызылған науқастарға да көмек бұрынғыша көрсетіле береді. Еске салайық, бас қаланың медициналық мекемелері осындай кесте бойынша төтенше жағдай кезеңінде жұмыс істеген.

Хабар 24 телеарнасы