419,02 492,14 5.75
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин талаптарын бұзғандарға қанша айыппұл салынады

  • 213
  • UPD: 16:10, 02.07.2020
Карантин талаптарын бұзғандарға қанша айыппұл салынады

Қазақстанда 5 шілдеден бастап 14 күнге карантин енгізіледі.

Карантин талаптарын сақтамаған адамдарға айыппұл салынады.

«Карантин талаптарын бұзғандарға заң тарапынан жауапкершілік қарастырылғанын да естеріңізге саламын. Бекітілген санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған жеке тұлғаларға 83 мың теңге,  заңды тұлғаларға 600 мың теңгеден астам айыппұл салынады», - деді ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов ОКҚ брифингінде.

Қандай шектеу шаралары қолға алынғаны туралы мына сілтеме бойынша оқуға болады.

Хабар 24 телеарнасы