418,90 492,14 5.72
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елімізде карантин режимі қайта енгізілді

  • 209
  • UPD: 09:41, 05.07.2020
Елімізде карантин режимі қайта енгізілді

Елімізде карантиннің күшейтілген режимі енгізілді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сұлулық салондары, шаштараз, фитнес-орталықтар, жабық базарлар, жағажай, діни және мәдениет орталықтары мен балабақшалар қызметін тоқтатты. Қоғамдық көліктердің қозғалысына қатысты әр қаладағы жағдай әртүрлі. Айталық, елордада автобустар уақытша жүрмейді. Ал Алматыда мұндай шектеу тек сенбі, жексенбі күндері күшінде болады. Қалааралық автобустардың қатынасы тоқтатылды. Ірі ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлері жұмыс істемейді.  Ал ғимарат ішіндегі дәмханалардың қызметіне шектеу енгізіледі. Енді тамақты тек тапсырыс беру арқылы ғана ала аласыз. Тағы бір ескеретін жайт, жасы 65-тен асқан адамдардың көшеде бейсауат жүруіне болмайды. Әдеттегідей барлық азамат маска тағуы тиіс. Қоғамдық орындарда 3 адамнан артық топтасып жүруге тыйым салынды.

 

Хабар 24 телеарнасы