418,17 495,30 5.70
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Карантин: астанада 56 ойын-сауық орнына айыппұл салынды

  • 125
Карантин: астанада 56 ойын-сауық орнына айыппұл салынды astana.gov.kz

Елордада 56 ойын-сауық орнына санитарлық нормаларды бұзғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды «Хабар 24» Нұр-Сұлтан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция, еріктілер мен әкімдік қызметкерлері елорданың ойын-сауық орындарына рейд жүргізген болатын. Ереже бұзушылықтар қаладағы танымал орындардың бірі «Мята» кальянында анықталды. Белгілі болғандай, кальянға келушілер әкімшімен алдын ала келісіп, үстелге тапсырыс берген. Бұзушылықты анықтау үшін дәл осындай тәсілді әкімдік қызметкерлері де қолданды. Мұнда пандемия кезінде барлық санитарлық нормалар бұзылған. Мысалы, үш адам бір кальян шегеді.

«Бұл факті бойынша біз бұдан әрі сот ісін жүргізуге деректерді СЭС-ке жібереміз. Ары қарай Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабына сәйкес шешім қабылданады», – дейді учаскелік инспектор Әли Әбілтаев.

Бұл мекемеге карантин режимін бұзғаны үшін 230 АЕК (638 940 теңге), кальян дайындаушы мен келушілерге 30 АЕК (83 340 теңге) айыппұл салынады.

Бүгінгі таңда ойын-сауық мекемелерінің карантин режимін бұзуының 56 фактісі анықталды.

Хабар 24 телеарнасы