478,01 474,60 7,90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Қарағанды облысында 900 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі

  • 413
  • UPD: 13:43, 17.07.2020
Қарағанды облысында 900 кәсіпкерге қолдау көрсетіледі

Қарағанды облысында «Zhas Project» жобасының үшінші кезеңі аяқталып, грант иегерлері анықталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Байқауға 3 мыңнан астам жас 646 жоба ұсынды. Оның қорытындысы бойынша 155-і іріктелді. Жоба жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында қолға алынып отыр. Биылғы байқауда басымдық пандемия салдарынан жұмыссыз қалғандар мен табысы төмен жастарға беріледі. Биыл шамамен 900 адамды қамту жоспарда бар. Оған дейін қатысушылар беделді бизнес оқытушылардан сабақ алады. Грант иегерлері 20 қыркүйек пен 20 қазан аралығында анықталады.

Әсел Атабаева, бизнес-жаттықтырушы:

– Ең басты мақсат – бизнес бастау кезінде өзіңнің қолыңнан не келеді, соны дөп басып табу. Қазіргі кезде ерекше жол табу қиынның қиыны. Бірақ шынайы кәсіпкер болғысы келген адам оны табады. Кейде тіпті көре-көре жауыр болған дүниеден бір ерекшелік тауып, содан бастап ісіңді дөңгелетуге болады. Бұл қаржы сіздерге бірінші кезекте осы бағытқа беріліп отыр.

Хабар 24 телеарнасы