426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды

  • 243
  • UPD: 12:12, 22.07.2020
Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды

21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты әуе қатынасы ашылды, деп хабарлады ҚР ИИДМ баспасөз қызметі.

«Qazaq Air» авиакомпаниясы ішкі бағыттар бойынша сұранысты қанағаттандыру мақсатымен субсидияланатын авиабағыттарға қосымша конкурс нәтижесі бойынша 21 шілдеден бастап Алматы – Жезқазған бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады», - делінген хабарламада.

Бір бағытқа билеттің кұны – 20 000 тг.

«SCAT» авиакомпаниясы орындайтын аптасына 2 рейске «Qazaq Air» авиакомпаниясының қосымша 2 рейсін қосуға рұқсат етілді. Қазіргі уақытта аталған бағыт бойынша аптасына 4 рейс орындалады. «Qazaq Air» әуе қатынастары сейсенбі және сенбі күндері мына кесте бойынша орындалады:

Жезқазған (12:00) – Алматы (13:55);

Алматы (14:30) – Жезқазған (16:25).

Барлық рейс сыйымдылығы 76-дан 86 орынға дейінгі «Bombardier» әуе кемелерімен орындалады.

Хабар 24 телеарнасы