456,05 484,00 8,64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бірқатар туристік бағыт уақытша жабылды

  • 527
  • UPD: 09:20, 24.07.2020
Бірқатар туристік бағыт уақытша жабылды

Қазақстандағы бірқатар туристік бағыт уақытша жабылды. Алматы мен Алматы облысындағы ұлттық табиғи парктер мен тау нысандары келушілерді қабылдамайды.

Табиғат аясында жаяу серуендеймін деушілер тек жұмыс күндері ғана бара алады. Көлсай көлдері мен Қапшағай да карантинге жабылды. Ақмола облысына қарасты Ерейментау ауданының аумағындағы демалыс орындары мен Бурабай және Зеренді курортты аймақтары да туристерді қабылдауды уақытша тоқтатып отыр. Алдағы екі аптада Алакөлдің Шығыс Қазақстан облысы аумағында да демалуға тыйым салынды. Ақтау жағажайы мен Павлодардың Баянауыл демалыс орыны да жабық. Ал Балқаш, Қарқаралы мен Бұқтырма аймақтарының кей бөліктері ашық қалып отыр.

Хабар 24 телеарнасы