427,15 517.06 5.74
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сәтбаевтағы оқиға бойынша мәселе жіті бақылауға алынды – Аружан Саин

  • 614
  • UPD: 15:23, 24.07.2020
Сәтбаевтағы оқиға бойынша мәселе жіті бақылауға алынды – Аружан Саин

Сәтбаев қаласында зардап шеккен 5 жастағы қыздың ісі жіті бақылауда. Бұл туралы Қазақстанның бала құқығы жөніндегі уәкілі Аружан Саин Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Саин бүлдіршіннің отбасымен және Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевпен байланыста екенін хабарлады. Бүлдіршінге ювеналды заңгер мен психолог тарапынан жәрдем беріледі. Аружан Саин балаларға қарсы қылмыс жасайтындарды жауапқа тартуға барынша күш салатынын жеткізді.

Еске сала кетсек, Сәтбаев қаласындағы оқиғаға байланысты ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев «Хабар 24» арнасында брифинг өткізіп, мәлімдеме жасады.

Хабар 24 телеарнасы