431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Павлодар облысында табиғат аясында қоқыс тастағандар қатаң жауапқа тартылатын болады

  • 174
  • UPD: 19:39, 27.07.2020
Павлодар облысында табиғат аясында қоқыс тастағандар қатаң жауапқа тартылатын болады Газета.Ру

Өңірде Ертіс өзенінің жайылымында экологиялық рейдтер жүргізіле бастады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл іске сала мамандарымен қатар жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері атсалысуда. Қоғамдық белсенділер де қолдан келгенше көмек көрсетуде. Басты мақсат – бірегей аумақта экологиялы тепе-теңдікті сақтау бағытындағы шараларды күшейту. Мамандардың хабарлауынша, соңғы жылдары адамдардың демалу кезіндегі мәдениеті төмендеп кеткен. Экологиялық мәдениетті көтеру үшін түсіндіру жұмыстарына баса назар аударған жөн дейді олар. Рейдтік шаралар аймақтың барлық демалыс жерлерінде үздіксіз жүрізілмек. Заңға қайшы әрекет еткендер әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Асылбек Әнуарбекұлы, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының бас маманы:

- Олардың барлығы жан-жануарларға және балықтарға кері әсерін тигізеді. Себебі күл-қоқыстар шіріп, балалар көлге түскенде зардап шегеді. Адамдардың табиғатқа көзқарасы өзгеріп кеткен. Ол өзінің туған жерін сыйламаған адамдар деп санаймын. Ондай көзқарас болмағанда, әр адам артынан жинап жүреді.

Хабар 24 телеарнасы