429,37 504,00 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық жеті ғалымға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

  • 413
  • UPD: 00:14, 05.08.2020
Қазақстандық жеті ғалымға коронавирусқа қарсы вакцина егілді

Қазақстандық жеті ғалым өздері әзірлеген коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізді, хабарлайды «Хабар 24».

Вакцина Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтында әзірленген. 26 шілдеде Бас директор Күнсұлу Закарья бастаған бес ғалымға COVID-19-ға қарсы вакцина жасалды. Егілген қызметкерлерді бақылап, вакцинаның қауіпсіз екендігі туралы ақпарат алынғаннан кейін келесі күні тағы екі қызметкерге екпе егілген.

Бұл жоспарланған клиникалық зерттеулердің бірінші, екінші кезеңдерін толығымен іске асыруға мүмкіндік берді. Вакцина жасалған қызметкерлердің дені сау. Олар қазір клиникалық бақылауда.

Хабар 24 телеарнасы