431,82 507,51 5.47
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Таразда кәсіпкерлер індетпен күреске 400 миллион теңге бөлді

  • 203
  • UPD: 13:29, 07.08.2020
Таразда кәсіпкерлер індетпен күреске 400 миллион теңге бөлді

Жамбылдық кәсіпкерлер вирустың таралуын болдырмау бағытындағы жұмыстарға белсенді атсалып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Эпидемия басталғалы жергілікті кәсіпорындар індетпен күреске 400 миллионға жуық теңге бөлген. Игі іске өңірдегі 100-ге тарта өндіріс орны жұмылды. Жиналған қаражатқа дәрі-дәрмек, қажетті медициналық құрал-жабдықтар алынып, аудандарға жеткізілді.  Сонымен қатар мұқтаж жандарға 127 миллион теңгеге қайырымдылық көмек көрсетілді. Облыстық кәсіпкерлік басқармасының мәліметінше әлі де ниет білдірушілер бар. Қазір тізім жасақталып жатқанға ұқсайды.

Еркін Атымтаев,  облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

– Кәсіпорындар өз аудандарындағы емханаларға, ауруханаларға көмек көрсетіп жатыр. Оның ішінде ИВЛ аппараты жетіспеушілігі болды, мынау маска дейміз ғой, бетперделер жетіспеушілігі, дәрі-дәрмек деген сияқты. Сондай көмек жасалып жатыр. Алдағы уақытта бұл жұмыс жалғасын табады деп сенеміз. Біраз кәсіпкер хабарласып жатыр.

 

Хабар 24 телеарнасы