429,51 502,00 5.40
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жаңа оқу жылына арналған 6 мыңнан астам телесабақ түсіріліп жатыр

  • 214
  • UPD: 18:53, 28.08.2020

Нұр-Сұлтан мен Алматыда жаңа оқу жылына арналған телесабақтар түсіріліп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Барлығы 6 мың 636 бейнеролик әзірлеу жоспарланған. Бүгінде 1000-нан астам сабақ дайын. Олар «Балапан» мен «EL ARNA» арналарының эфирінде қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Жұмыс 10 студия негізінде жүргізіліп жатыр. Олардың 8-і Нұр-Сұлтанда орналасқан. Мұнда жоғары сыныптарға арналған сабақтар түсірілуде. Бастауыш сыныптардың материалдары Алматыда әзірленіп жатыр. Айта кетейік, бейнеролик түсіріліміне алдын ала қатаң іріктеуден өткен Ақмола, Қарағанды, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының ұстаздары тартылды.

Анар Досмұхамедқызы, Ы.Алтынсарин атындағы ҰБА аға ғылыми қызметкері:

– Мұғалімдерді біз алдын ала видео түсірілімдер жіберіліп, соның ішінен таңдап алдық. Өте білікті мұғалімдер жұмыс жасауда. Нұр-Сұлтан қаласында негізгі және жоғары білім деңгейінің барлық оқу пәндері түсіріліп жатыр. Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласында 8 студияда бастауыш сыныптың сандық сауаттылық, ағылшын тілі, орыс сыныптарындағы қазақ тілі, қазақ сыныптарындағы орыс тілі осында түсіріліп жатыр.

Хабар 24 телеарнасы