426,32 497,47 5.54
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Алматы облысында орман қорғаушылардың оқу-жаттығуы өтті

  • 134
  • UPD: 23:32, 08.09.2020

Тау мен қырдағы кепкен шөп пен қамыс және қурай өртенсе қоршаған ортаға залал келтіреді. Келеңсіз оқиғалар мен өртттің алдын алуға әуеден бақылау жүргізу аса маңызды іс. Бүгін Алматыда «ҚазӘуеОрманҚорғау» мекемесінің мамандары күзгі маусымға дайындықтарын пысықтап қайтты.

Ми-8 тікұшағына отырып, аспанға көтерілмес бұрын әр өрт сөндіруші десантшының үстіндегі арнайы киімі тексеріліп, қауіпсіздік ережелерін естен шығармау керектігі айтылады. Бұл жолы кезекті тәжірибелік оқу-жаттығу Сорбұлақ су қоймасы жанында өтті. Көл айналасындағы қырда жылда өртенеді. 

Алмас Сәдуақас, тілші:

- Өрт сөндіруші десантшылар тікұшақтан өте берік арқанмен түседі. Ол 900 келіге дейін салмаққа шыдас береді. Биыл осындай жаттығулар екінші рет өткізіліп отыр. 

Бұл саланың мамандары санаулы ғана. Биіктіктен жүрексінбейтін, жалыннан жасқанбайтын адам ғана өрт-сөндіруші десантшы бола алады. Таудағы алауды, қырдағы қызыл өртті өшіруге бірінші болып аттанатын да осы жігіттер.  Биыл мекеменің Алматы қаласындағы бөлімшесі жастармен толыққан.

Ұлан Жазылбеков, өрт сөндіруші-десантшы:

- Мен құрылыс саласында жұмыс істемегнмін 10 жылдай. Шатыр жабатынбыз. Жоғарыда жүретінбіз. Осы жұмысқа, өрт сөндіруге, табиғатты қорғау мақсатымен келдік. Ұнап жатыр жұмыс. Қазір үйрені процесі жүріп жатыр. Үйреніп жатырмыз. 

Жалпы орман мен даладағы шөптің өртенуі көп жағдайда адамдардың кінәсінен болады. Өрт қауіпсіздік ережелерін мүлдем ескермейтіндер бар. Ал кейбір адамдар қырдағы шөпті әдейі өртеп жатады. Бұл табиғатқа жасалған қастандық дейді орман қорғаушылар. Қаншама құс пен аң зардап шегеді. Егер өрт  мемлекеттік маңызы бар орман шаруашылықтары аумағына шарпитын  болса кінәлі адам әкімшілік жазаға тартылады.

Авторлар: Алмас Садуақас, Мұхит Құдықбаев

Хабар 24 телеарнасы