421,44 499,50 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елорда полицейлері «Алатау» спорт кешенінен бомба іздеді

  • 80
  • UPD: 17:48, 09.09.2020
Елорда полицейлері «Алатау» спорт кешенінен бомба іздеді

Елорданың полиция қызметкерлері «Алатау» спорт кешені маңына бомба қойылғаны туралы хабарлаған адамды ұстады.

Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінен мәлім етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

Белгісіз адам ұялы телефонмен «112» нөміріне хабарласып, «Алатау» спорт кешені маңына бомба қойылғанын айтқан. Осыдан кейін кинологтар мен жарылыстехниктері спорт кешенінің ғимаратын, сол маңайды тінтіп шыққанымен, бомба табылған жоқ.

«Жедел іздестіру шаралары барысында терроризм актісі туралы хабарлаған 39 жастағы ер адам ұсталды. Ол ішімдікке мас күйде болған. Тергеу барысында күдікті бұған дейін бірнеше рет ұрлық, алаяқтық және есірткі заттарын сақтағаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны анықталды. Күдікті ұсталып, Полиция департаментінің уақытша оқшаулағышына қамалды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 273-бабымен тергеу жүріп жатыр», - деп атап өтеді ведомстводан.

Осы ретте елордалық полиция қала қонақтары мен тұрғындарына терроризм туралы жалған хабарландыру қылмыстық жауапкершілікке түрткі болатындығын ескертіп отыр. Айта кетерлігі, жыл басынан бері астанада терроризм актісі туралы 6 жалған хабарлама тіркелді. Полиция қызметкерлері қылмысты жасағандардың барлығын ұстады. Көп жағдайда мұндай жалған хабарды кәмелетке толмағандар мен мас адамдардың жасайтындығы анықталған.

Хабар 24 телеарнасы